- Жаңартылды 18.03.2025
Сіз прайс-парақта көрсеткен тауарлар Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасындағы «Без привязки» бөліміне түседі. Оларды сатуға шығарудың бірнеше тәсілі бар:
Өз тауарыңызды қолданыстағы карточкаға тіркеу
«Без привязки» бөлімінде қажет тауарды, содан кейін ерекшелігіне сәйкес келетінін карточканы таңдап, «Привязать к существующему» деп басыңыз.
15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылады.
Жаңа тауар карточкасын жасау
«Без привязки» бөлімінде қажет тауарды таңдаңыз.
«Добавить как новый товар» деп басып, тізімнен санатты таңдаңыз да, жолдарды толтырыңыз — міндетті түрде толтырылатыны жұлдызшамен белгіленеді.
Тауарды көрнекі көрсету үшін суреттерді жүктеңіз.
Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.
Өз тауарыңызды қолданыстағы карточкаға тіркеу
Нераспознанные товары → Без привязки бөлімінде қажет тауарды, содан кейін ерекшелігіне сәйкес келетінін карточканы таңдап, «Добавить» деп басыңыз.
15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылады.
Жаңа тауар карточкасын жасау
Нераспознанные товары → Без привязки бөлімінде қажет тауарды таңдаңыз.
«Добавить новый товар» деп басып, тізімнен санатты таңдаңыз да, жолдарды толтырыңыз — міндетті түрде толтырылатыны жұлдызшамен белгіленеді. Тауарды көрнекі көрсету үшін «Изображения» қосымша бетінде суреттерді жүктеңіз.
Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.
Жаңа тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні жүктеу
Осылай бірден бірнеше жаңа карточка жасауға болады.
1. Файлды жүктеп, толтырыңыз.
Нераспознанные товары → Загрузить информацию о товарах → Перейти к выгрузке шаблонов бөліміне өтіңіз, тізімнен санатты таңдап, «Скачать» деп басыңыз.
Жүктелген файлды ашыңыз. Қалқымалы жолда макростарды іске қосу үшін «Включить содержимое» деп басыңыз – олар деректерді Kaspi.kz-тегі Магазинге ауыстыру үшін қажет.
«intro» парағындағы нұсқаулықпен танысып, «attributes» парағындағы кестені толтырыңыз. Егер киімнің немесе аяқкиімнің бір моделін, бірақ әртүрлі түстерін немесе өлшемдерін сатуға қойғыңыз келсе, «Объединить в одну карточку» жолында әр тауарға бірдей сан көрсетіңіз.
2. Тауарлардың суреттерін дайындаңыз.
«images» атты папканы жасаңыз. Егер фотосурет көп болса, әрқайсысының өлшемі 1 МБ-дан аспауы керек. Суреттерді қосудың бірнеше тәсілі бар:
«артикул товара_порядковый номер фотографии» пішімінде оларға атау беріңіз. Мысалы: 1234_1, 1234_2, 1234_3. Оларды папкаға салыңыз.
«images» ішінде тауар артикулының атауы бар папканы жасаңыз. Оған суреттерді салып, оларға 1-ден 10-ға дейін атау беріңіз. Excel кестесінің ішіндегі ««Код изображений» бағанында артикулды көрсетіңіз.
3. Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарлар туралы ақпаратты жүктеңіз.
Тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні және «images» папкасын ZIP пішіміне архивтеңіз. Ықшамдалған ZIP папкасының өлшемі 100 МБ аспауға тиіс.
Нераспознанные товары бөліміне → Загрузить информацию о товарах → Перейти к загрузке шаблонов → Загрузить шаблон деп өтіп, дайындалған ZIP папканы таңдап, әрекетті растаңыз.
4. Тауарларды сатуға шығарыңыз.
Өңдеуден кейін тауарлар тексеруге түседі және Нераспознанные товары → На проверке бөлімінде болады. Тексеру 3 жұмыс күні ішінде аяқталады және тауарлар Управление товарами → Сняты с продажи бөліміне өтеді. Сізге олардың бағасын және бар екенін көрсету керек.
Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.
Брендтер мен санаттар
Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:
Шектеулі брендтер
Шектеулі санаттарҚолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?