Карточкаларды біріктіру
Товары → Управление товарами деп өтіңіз. Қажеттілерін редакциялап, «Өндірушінің артикулы» өрісінде барлық тауар үшін бір мәнді көрсетіңіз. Тексеруден кейін тауарлардың карточкалары біріктіріледі.
Тауарлар туралы ақпарат жазылған үлгіні жүктеу
1. Тауарлар туралы ақпарат бар файлды жүктеп алып, оны толтырыңыз.
Нераспознанные товары → Загрузить информацию о товарах → Перейти к выгрузке шаблонов бөліміне өтіңіз, тізімнен санатты таңдап, «Скачать» деп басыңыз. Жүктелген файлды ашыңыз. Қалқымалы жолда макростарды іске қосу үшін «Включить содержимое» деп басыңыз – олар деректерді Kaspi.kz-тегі Магазинге ауыстыру үшін қажет.
«intro» парағындағы нұсқаулықпен танысып, «attributes» парағындағы кестені толтырыңыз. «Объединить в одну карточку» жолында оған тіркегіңіз келген тауардың барлық өлшемі үшін бірдей санды көрсетіңіз.
2. Тауарлардың суреттерін дайындаңыз.
«images» атты папканы жасаңыз. Егер фотосурет көп болса, әрқайсысының өлшемі 1 МБ-дан аспауы керек. Суреттерді қосудың бірнеше тәсілі бар:
«артикул товара_порядковый номер фотографии» пішімінде оларға атау беріңіз. Мысалы: 1234_1, 1234_2, 1234_3. Оларды папкаға салыңыз.
«images» ішінде тауар артикулының атауы бар папканы жасаңыз. Оған суреттерді салып, оларға 1-ден 10-ға дейін атау беріңіз. Excel кестесінің ішіндегі ««Код изображений» бағанында артикулды көрсетіңіз.
3. Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарлар туралы ақпаратты жүктеңіз.
Тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні және «images» папкасын ZIP пішіміне архивтеңіз. Ықшамдалған ZIP папкасының өлшемі 100 МБ аспауға тиіс.
Нераспознанные товары → Загрузить информацию о товарах → Перейти к загрузке шаблонов → Загрузить шаблон бөліміне өтіп, дайындалған ZIP папканы таңдап, әрекетті растаңыз.
4. Тауарларды сатуға шығарыңыз.
Өңдеуден кейін тауарлар тексеруге түседі және Нераспознанные товары → На проверке бөлімінде болады. Тексеру 3 жұмыс күні ішінде аяқталады және тауарлар Управление товарами → Сняты с продажи бөліміне өтеді. Сізге олардың бағасын және сату орындарында бар екенін көрсету керек.
Сатылымға шығарылған тауардың өлшемдерін қосу үшін үлгі жүктелгеннен кейін Kaspi.kz-тегі Магазинге сұрату жіберіңіз. Егер сіз бірінші рет кірсеңіз, тіркеуден өтуіңіз керек. Сатушы кабинетінің логині мен паролі жарамайды. Жауап сіз тіркелу үшін пайдаланған электрондық пошта мекенжайына 3 жұмыс күні ішінде келеді.