- Жаңартылды 18.03.2025
Тауарды қолданыстағы карточкаға тіркеудің бірнеше тәсілі бар:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Магазин на Kaspi.kz → Товары → Добавить новый деп өтіңіз.
Іздеу жолына атауын енгізіп, тізімде ұсынылғаннан лайықты позицияны таңдаңыз. Карточка тауарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз: ол үшін сипаттамаларына өтіп, оны тексеріңіз. Өз бағаңызды көрсетіп, «Қосу» деп басыңыз.
15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылып, «В продаже» қосымша бетіне ауыстырылады.
Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасында
Товары → Управление товарами → Добавить товар деп өтіңіз.
Іздеу жолына атауын енгізіп, тізімде ұсынылғаннан лайықты позицияны таңдаңыз. Карточка тауарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз: ол үшін атауына өтіп, ерекшеліктерін тексеріңіз.
Тауар бар тапсырыс беру аймағы көрсетілген қоймаларды таңдап, бағасын көрсетіңіз. Оны әр қала үшін әртүрлі ету үшін «Одна для всех городов» белгісін алып тастаңыз.
15 минуттың ішінде тауарыңыз сатылымға шығарылады.
Ерекшелігіне сәйкес келмейтін тауарды сату – бұл Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеу ережесін бұзу. Мұндай жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.
Брендтер мен санаттар
Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:
Шектеулі брендтер
Шектеулі санаттарKaspi Pay қосымшасының көмегімен Kaspi Магазинге қалай тауар қосатынын бейнероликтен көруді ұсынамыз:
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?