Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасында толтырылған құжатты Товары → Загрузить прайс-лист → Загрузить вручную бөліміне көшіріңіз.
Осыдан кейін прайс-парақ тексеруге түседі. Ол 15 минут уақыт алады. Егер барлық ұяшықтар дұрыс толтырылса, каталогыңыз жаңартылады.
Прайс-парақты толтыру кезіндегі қателерді Товары → История загрузок бөлімінен көруге болады. Қажеттісін таңдаңыз, ақпарат «Обработано» қосымша бетінде көрсетіледі.
Прайс-парақ тексеруден өту үшін мына ұсынымдарды сақтаңыз:
- Файлдағы парақ санын өзгертпеңіз.
- Тауарлар туралы ақпаратты бірінші параққа жазыңыз.
- Кестедегі бағандарды өшірмеңіз немесе жаңаларын жасамаңыз.
- тақырып атауларын: SKU, model, brand, price, PP1-PP5, preorder өзгертпеңіз.
- «Tab» пернесінің көмегімен шегіністерді пайдаланбаңыз және ұяшықтардың ішіндегі жолдарды тасымалдамаңыз.
Назар аударыңыз: файлды жүктеу кезінде сатылымда жоқ тауарлар көрсетілсе, олар Нераспознанные товары → Без привязки бөліміне түседі. Сізге оларды өз бетіңізше сатуға шығару керек.