• Kaspi.kz-тегі сатушының кабинетінің веб-нұсқасында «Тауарларды басқару» бөліміне өтіңіз.

     

     Бос үлгіні пайдаланыңыз немесе «Прайс-парақ Excel-де жүктеу бөлімінде каталогыңыз бар прайс-парақты жүктеп алыңыз.

     

    Жолдардағы ұяшықтарды толтырыңыз:

     

    SKU

    сатушының жүйесіндегі тауар артикулы

    model

    тауардың атауы мен түрлендірілуі

    brand

    бренд немесе өндіруші.

     

    Егер тауарды сату үшін Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алу қажет болмаса, «Без бренда»деп жазыңыз. 


    Брендтер мен санаттар
     

    price

    бағаны теңгемен көрсетіңіз

    PP1-PP5

    бұл қоймалардың сәйкестендіру нөмірлері. 

     

    Қолда бар тауар санын көрсетіңіз. Сатып алушы қолда бар тауардан көп тауарды тапсырыс бере алмайды.

     

    Сіз мыналарды көрсете аласыз:

     

    •    «yes» — тауар қолда бар орындар үшін;

    •    «no» — егер қазір бұл позициялар жоқ болса.

     

    Назар аударыңыз: файлда міндетті түрде барлық 5 баған болуы тиіс: PP1, PP2, PP3, PP4, PP5. Сізде бес қоймадан кем болса, артық бағандарды бос қалдырыңыз.

    preorder

    өзі алып кететін күнге немесе жеткізу мерзіміне қосылатын алдын ала тапсырыс күндерінің саны ең көп дегенде — 30 күн.

     

    Егер тауарға алдын ала тапсырыс берудің қажеті болмаса, ұяшықты бос қалдырыңыз.

     

    Прайс-парақтың қателерсіз қотарылуы және тауарлар туралы ақпарат дұрыс жаңаруы үшін келесі ұсынымдарды сақтаңыз:

     

    • Файлдағы парақтар санын өзгертпеңіз.
    • Тауарлар туралы ақпаратты бірінші параққа жазыңыз.
    • Кестедегі жаңа бағандарды жоймаңыз немесе жасамаңыз.
    • Тақырып атауларын өзгертпеңіз: , model, brand, price, preorder.
    • «Tab» пернесінің көмегімен шегіністерді пайдаланбаңыз және ұяшықтардың ішіндегі жолдарды тасымалдамаңыз.

     

    Ары қарай «Прайс-парақты жүктеу» деп  басып, толтырылған файлды таңдаңыз. Каталогыңыз 15 минутта жаңартылады.

    Жаңартылды 28.05.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?