• Карточкадағы бұл жолды бос қалдыруға болады.

     

    Тауардың сипаттамасын қосу немесе өзгерту үшін келесі талаптарды сақтаңыз:

     

    • тауар туралы қосымша деректерді, артықшылықтары мен пайдалану нұсқаларын көрсетіңіз;
    • тек шынайы ақпаратқа ғана сүйеніңіз;
    • бағалаудан («үздік», «бірегей», «керемет»), жарнамадан («науқан», «жаппай сатылым», «жеңілдік», «тек бүгін ғана»), және сатушы мен Kaspi.kz-тегі Магазиннің беделіне теріс әсер ететін сөздерден («балама», «қолдан жасалған», «көшірме», «copy», «реплика», «1:1», «сарыны бойынша», «түпнұсқа», «original», «түпнұсқа») аулақ болыңыз;
    • мәтінде қатенің жоқтығын тексеріңіз және болған жағдайда түзетіңіз;
    • сипаттау үшін 100-ден 7 000-ға дейін таңба пайдаланыңыз.


    Егер осы талаптарды бұзсаңыз, карточка тексеруден өтпейді және тауар сатылымға шығарылмайды.

    Жаңартылды 12.11.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?