- Жаңартылды 17.04.2025
Мұны жасаудың бірнеше тәсілі бар:
Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауар деп өтіп, қажеттісін таңдаңыз. Тауардың жанындағы үш нүктені, содан кейін «Сатылымнан алып тастау» дегенді басыңыз. 15 минуттың ішінде ол сатып алушыларға көрсетілуін тоқтатады.
Егер барлық тауарды сатылымнан алып тастағыңыз келсе, олар сатылатын қойманы ажыратыңыз. Ол үшін Kaspi.kz-тегі Магазинге → Баптау деп өтіңіз. Егер үштен көп нүктеңіз болса, «Барлық қойма» деп басып, ажыратқыңыз келетінін таңдаңыз. «Қойманы ажырату» деп белгілеп, өзгерісті сақтаңыз.
1. Сатудан қолмен алып тастау.
Тауарлар → Тауарларды басқару бөліміне өтіңіз. Қажеттісін таңдап, жою белгішесін басыңыз. Сондай-ақ бірнеше позицияны белгілеп, «Сатылымнан алып тастау» деп баса аласыз. 15 минуттың ішінде тауар архивке көшіріледі.
Егер сіз барлық тауарды сатылымнан алып тастағыңыз келсе, олар сатылатын қойманы ажыратыңыз. Ол үшін Kaspi.kz-тегі Магазиннің веб-нұсқасында Қалғаны → Баптау → Қоймалар бөліміне өтіңіз. Қажеттісін таңдап, «Белсенді» күйінен «Ажыратылған» күйіне ауыстырыңыз.
2. Тауарлар туралы жаңартылған ақпарат бар прайс-парақты жүктеу.
Осылайша бірден бірнеше картточканы өңдеуге болады.
Тауарлар → Прайс-парақты жүктеу бөліміне өтіңіз. Жүктеп, файлды толтырыңыз. Тауардың қандай сату орындарында жоқ екенін көрсетіп, оны «Қолмен жүктеу» терезесіне апарыңыз. Прайс-парақта жоқ тауарлар «Сатылымнан алып тасталды» қосымша бетінде қолжетімді болады.
Назар аударыңыз: егер сіз осы тауардың жалғыз сатушысы болсаңыз, ол Kaspi.kz-тегі Магазинде сатып алушыларға көрінбейді. Егер тауарды басқа серіктестер де сататын болса, ұсынысыңыз сатушылардың тізімінен жойылады.Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?