• Иә. Мұны екі тәсілмен жасауға болады:

     

     
    Kaspi Pay мобильді қосымшасында 

    Тауарды сатылымнан алыңыз. Ол үшін  Магазин на Kaspi.kz → Товары деп өтіп, қажеттісін таңдаңыз. Тауардың жанындағы үш нүктеге, содан соң «Снять с продажи» деп басыңыз. 15 минуттың ішінде ол сатып алушыларға көрінбейді.


    Содан соң  «Сняты с продажи» қосымша бетінен қажетті тауарды тауып, оның жанындағы үш нүктеге басып, «Удалить» деп таңдаңыз.

     

     
    Kaspi.kz-тегі Магазин сатушысы кабинетінің веб-нұсқасында

    Тауарды сатылымнан алыңыз. Мұны жасаудың бірнеше тәсілі бар:


    1. Қолмен.


    Товары → Управление товарами бөліміне өтіңіз. Қажеттісін таңдап, жою белгісіне басыңыз. 15 минуттың ішінде тауар «Сняты с продажи» бөліміне көшіріледі.


    Сондай-ақ, сіз бірнеше позицияны белгілеп, «Снять с продажи» деп баса аласыз.


    2. Жаңартылған ақпарат бар прайс-парақты жүктеу.


    Осылайша бірнеше карточканы бірден редакциялауға болады.


    Товары → Загрузить прайс-лист бөліміне өтіңіз. Файлды жүктеп, толтырыңыз. Тауардың қандай сату орындарында жоқ екенін көрсетіп, оны  «Загрузить вручную» терезесіне көшіріңіз.

     

    Содан кейін «Сняты с продажи» бөлімінде қажеттісін тауып, оның жанындағы үш нүктеге басып, «Удалить» деп таңдаңыз.

    Жаңартылды 28.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?