• Ол үшін бағаны өзгерту керек: Магазин на Kaspi.kz → Товары деп өтіңіз, қажетті тауарды таңдап, жанындағы үш нүктеге, содан кейін «Редактировать цену» деп басыңыз және жаңа құнын көрсетіңіз.

     

    Мынадай шарттарды орындаңыз:

     

    • жаңа баға ескісінен аз дегенде 10%-ға, көп дегенде 80%-ға төменболуға тиіс;
    • тауар сатылымда 7 күн тұруға және оның құны тек 3%-ға немесе одан аз өзгеруге тиіс;
    • карточкадағы бағаңыз — ең төменгі бағанемесе одан 15%-дан аспауға тиіс.

     

    Жеңілдік автоматты түрде есептеледі. Тауардың құны өзгергеннен кейін 15 минуттан соң Kaspi.kz-тегі Магазинде жеңілдік мөлшері, ескі және жаңа бағасы көрініп тұрады.

    Жаңартылды 08.11.2024
    Қолданушылардың 90% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?