- Жаңартылды 28.05.2025
Алдын ала тапсырыс — қоймада әлі жоқ тауарды сату мүмкіндігі. Мысалы, егер сіз тапсырыспен өнім сатып алсаңыз, онда клиенттерге оны сату басталғанға дейін сатып алуды ұсына аласыз.
Бұл үшін тауарды Сатушы кабинетінің веб-нұсқасында прайс-парақтың көмегімен сатуға қою қажет Kaspi.kz. Әдіс сіз пайдаланатын прайс-парақтың пішіміне байланысты:
Excel
Бос үлгіні пайдаланыңыз немесе «Тауарларды басқару» → Прайс-парақ → Excel-де жүктеу бөлімінде каталогыңыз бар прайс-парақты жүктеп алыңыз.
Файлды толтырыңыз. Preorder жолында тауардың қанша күннен кейін қоймада болатынын көрсетіңіз.
«Прайс-парақты жүктеу» деп басып, толтырылған файлды таңдаңыз. Каталогыңыз 15 минутта жаңартылады.
XML
XML файлын серверіңізге қотарып, оған сілтемені Тауарлар бөліміне кірістіріңіз → Прайс-парақты қотару → Автоматты қотару.
Availability бөліміндегі preorder параметрін толтырыңыз.
Алдын ала тапсырыс мерзімі — 30 күнтізбелік күн немесе одан аз. Ол сіз тауарды сататын бір қаладағы барлық қоймалар үшін бірдей болуы тиіс.
Ңазар аударыңыз: прайс-парақты жүктегеннен кейін бағаны өзгертпеңіз және тауарды сатудан алып тастамаңыз, әйтпесе сатып алушылар оған алдын ала тапсырыс бере алмайды.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?