Kaspi Pay
/
Серіктестер үшін Kaspi Гид
/
Kaspi.kz-тегі Магазин
/
Тауарлар
Тауарлар
- Жаңартылды 23.10.2023
Excel үлгіңіз Kaspi.kz-тегі Магазиннің талаптарына сәйкес келмейді. Бірнеше себебі болуы мүмкін:
- файлдар ZIP пішімінде архивтелмеген;
- архивте басқа үлгілер бар немесе онда тауарлардың суреттері жоқ;
- суреттердің атаулары дұрыс ресімделмеген;
- толтыруға міндетті жолдарды бос қалдырдыңыз немесе кестеде 10 бағаннан артық толтырдыңыз;
- жарияланып қойған үлгіні жүктедіңіз;
- тауардың артикулы сіздің сатушының кабинетінде қайталанады;
- тауарлардың атауы немесе ерекшеліктері дұрыс көрсетілмеген;
- санатты дұрыс көрсетпедіңіз;
- тауардың фотосуреттері талаптарға сәйкес келмейді.
Товары → Нераспознанные товары → Отклоненыбөлімінде бас тарту себебін көре аласыз.
Өзгерістер енгізілгеннен кейін, файлды және «images» папкасын ZIP пішіміне қайтадан архивтеңіз. Нераспознанные товары қосымша бетіне → Загрузить информацию о товарах → Перейти к загрузке файлов → Загрузить файл деп өтіп, дайындалған ZIP папканы таңдаңыз да, әрекетті растаңыз.
Тексеруге 3 жұмыс күні кетеді.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?