• Жаңа карточка жасаудың бірнеше тәсілі бар:

     

     

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында

    Магазин на Kaspi.kz → Товары → Добавить новый деп өтіңіз.

     

    Іздеу жолына атауын енгізіп, «Добавьте сами» деп басыңыз. Тауарды көрнекі көрсету үшін «Изображения» қосымша бетінде суреттерді жүктеңіз. «Инфо» және «Описание» қосымша беттерінде жолдарды толтырыңыз — міндетті түрде толтырылатыны жұлдызшамен белгіленеді.

     

    Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.

     

     

    Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасында

    Товары → Управление товарами → Добавить товар бөліміне өтіңіз.

     

    «Создать новый товар» деп басып, тізімнен тауардың санатын таңдаңыз да, жолдарды толтырыңыз — міндетті түрде толтырылатыны жұлдызшамен белгіленеді. Тауарды көрнекі көрсету үшін «Изображения» қосымша бетінде суреттерді жүктеңіз.

     

    Тауар бар тапсырыс беру аймағы көрсетілген қоймаларды таңдап, бағасын көрсетіңіз. Оны әр қала үшін әртүрлі ету үшін «Одна для всех городов» белгісін алып тастаңыз.

     

    Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.

     

    Ерекшелігіне сәйкес келмейтін тауарды сату – бұл Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеу ережесін бұзу. Мұндай жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.

     

    Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.


    Брендтер мен санаттар

     

    Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:


    Шектеулі брендтер
     
    Шектеулі санаттар

    Жаңартылды 18.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?