• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Себебі

    Ұсыныс

    Тауар жоқ

     

    Соңғы тапсырыстың күші осы себеппен жойылды.

     

     

    Қоймадағы тауар қорын толықтырып, содан кейін 
    сатуға шығарыңыз.

     

    Kaspi Жеткізу бұл тауарды немесе санатты қабылдамайды

     

    Kaspi Жеткізу арқылы жіберуге болмайтын тауарлардың тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

    Kaspi.kz-тегі Магазинде өз жеткізу қызметіңізді қосыңыз:

     

    Kaspi Pay мобильді қосымшасында

     

    Баптауда қойманы, содан кейін Доставка по городу → Моя Доставка деп таңдаңыз,  «Буду доставлять сам» деп басып, жұмыс кестесін баптаңыз.

     

    Сатушы кабинетінің веб-нұсқасында

     

    Остальное → Настройки → Моя доставка деп өтіңіз,  дүкен орналасқан қаланы, жеткізу мерзімін таңдап, оның құнын көрсетіңіз.

     

    Сондай-ақ, қоймаңыз үшін өзі алып кету мүмкіндігін қоса аласыз.

    Осы санаттағы немесе брендтік тауарларды сатуға шектеу бар


    Брендтер мен санаттар

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинде сатуға рұқсат керек.

    Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:

     

    шектеу қойылған брендтер 

     

    шектеу қойылған санаттар

    Тауарды тек Express-жеткізу арқылы жіберуге болады

     

    Тауарлардың тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

    Express-жеткізуді қосу үшін үлгіні толтырыңыз.

     

     

    Тауар прайс-парақта жоқ

     

    Ол туралы ақпаратты соңғы жүктелген құжатқа қоспадыңыз.

    Тауар туралы ақпаратты прайс-парақта көрсетіңіз. Содан соң Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасында толтырылған құжатты Товары → Загрузить прайс-лист → Загрузить вручную бөліміне көшіріңіз.  


    Содан соң прайс-парақ тексеруге түседі. Бұл 15 минут уақыт  алады. Егер барлық ұяшық дұрыс толтырылса, каталогыңыз жаңартылады.

    Дүкеніңіздің жұмысы ішінара шектелген

     

    Ол автоматты түрде бұғаттан шығарылады. Мерзімі сатушының кабинетінде көрсетілген.

    Сатылымдарыңыз тоқтатылып тұрғанда, тапсырыстарды беріп, қайтаруларды жасай аласыз.

    Сіз Kaspi.kz-тегі Магазиннің науқанына немесе Kaspi Жұма-ға қатыспайсыз

     

    Қатысуға шектеу қойылған серіктестің тауарлары сатылымнан алынып, «Сняты с продажи» бөліміне өтеді.

    Науқан немесе Kaspi Жұма аяқталғаннан кейін тауарлар қайта сатылымға шығарылады.

    Kaspi.kz-тегі Магазин сізбен ынтымақтастықты тоқтатты

     

    Сіз ажыратылдыңыз, өйткені Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеу ережесін бұздыңыз не сатушының жұмыс сапасының көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды сақтамадыңыз.

     

    Сізге бұл туралы Kaspi Pay мобильді қосымшасында Push-хабарлама жіберілді.

    Жаңартылды 18.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?