- Жаңартылды 18.03.2025
Иә. Сізге жаңа тауар карточкасын жасау керек. Тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.
Мұны жасаудың екі жолы бар:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Магазин на Kaspi.kz → Товары деп өтіп, «Добавить новый» деп басыңыз. Тауарыңыздың атауын енгізіңіз, содан кейін «Добавьте сами» деп басыңыз. «Инфо» және «Описание» қосымша беттеріндегі жолдарды толтырыңыз —толтыруға міндеттілері жұлдызшамен белгіленеді.
Бұдан кейін «Изображения» қосымша бетінде тауарды көрнекі көрсету үшін фотосуреттерді жүктеп, «Добавить» деп басыңыз.
Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.
Сатушының кабинетінің веб-нұсқасында:
1. Тауардың жаңа карточкасын жасау.
Тауарлар бөліміне → Тауарларды басқару → Тауарды қосу деп өтіңіз.
«Создать новый» деп басыңыз, тізімнен тауар санатын таңдап, жолдарды толтырыңыз - толтыруға міндеттілері жұлдызшамен белгіленеді. «Изображения» қосымша бетінде көрнекі көрсету үшін фотосуреттерді жүктеңіз.
Тауар бар өзі алып кету орындарынан таңдап, бағасын көрсетіңіз. Сондай-ақ сіз әр қала үшін әртүрлі баға белгілей аласыз, ол үшін «Одна для всех городов» белгісін алып тастаңыз.
Жаңа карточкаларды тексеру 3 жұмыс күніне дейін созылады, содан кейін тауар сатылымға шығарылады.
2. Жаңа тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні жүктеу.
Осылай бірден бірнеше карточканы жасауға болады.
1. Файлды жүктеп, толтырыңыз.
Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасындаУправление товарами бөліміне → Добавить товар→ Перейти к шаблонам → Перейти к выгрузке шаблонов деп өтіңіз, тізімнен санатты таңдап, «Скачать» деп басыңыз.
Excel пішіміндегі жүктелген үлгіні ашыңыз. Макростарды пайдалану туралы ескертуді көресіз — «Включить содержимое» деп басыңыз. «intro» парағындағы нұсқаулықпен танысып, «attributes» парағындағы кестені толтырыңыз.
- Тауарлардың суреттерін дайындаңыз.
«images» атты папканы жасаңыз. Егер фотосурет көп болса, әрқайсысының өлшемі 1 МБ-дан аспауы керек. Суреттерді қосудың бірнеше тәсілі бар:
«артикул товара_порядковый номер фотографии» пішімінде суреттерге атау беріңіз. Мысалы: 1234_1, 1234_2, 1234_3. Оларды папкаға салыңыз.
«images» ішінде тауар артикулының атауы бар папканы жасаңыз. Оған суреттерді салып, оларға 1-ден 10-ға дейін атау беріңіз. Excel кестесінің ішіндегі ««Код изображений» бағанында артикулды көрсетіңіз.
3. Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарлар туралы ақпаратты жүктеңіз.
Тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні және «images» папкасын ZIP пішіміне архивтеңіз. Ықшамдалған ZIP папкасының өлшемі 100 МБ аспауға тиіс.
Нераспознанные товары бөліміне → Загрузить информацию о товарах → Перейти к загрузке шаблонов → Загрузить шаблон деп өтіп, дайындалған ZIP папканы таңдап, әрекетті растаңыз.
4. Тауарларды сатуға шығарыңыз.
Өңдеуден кейін тауарлар тексеруге түседі және Нераспознанные товары → На проверке бөлімінде болады. 3 жұмыс күні ішінде тексеру аяқталады және тауарлар Управление товарами → Сняты с продажи бөліміне көшеді. Сіз сату орындарында бағаны және бар-жоғын көрсетуіңіз керек.
Ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін тауарларды сату — бұл Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеу ережесін бұзу. Бұл жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.
Брендтер мен санаттар
Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?