- Жаңартылды 18.03.2025
1. Жаңа тауарлар туралы ақпарат бар үлгіні жүктеп алып, оны толтырыңыз.
Kaspi.kz-те сатушы кабинетінің веб-нұсқасындаУправление товарами бөліміне → Добавить товар→ Перейти к шаблонам → Перейти к выгрузке шаблонов деп өтіңіз, тізімнен санатты таңдап, «Скачать» деп басыңыз.
Excel пішіміндегі жүктелген үлгіні ашыңыз. Макростарды пайдалану туралы ескертуді көресіз — «Включить содержимое» деп басыңыз. «intro» парағындағы нұсқаулықпен танысып, «attributes» парағындағы кестені толтырыңыз.
2. Тауарлардың суреттерін дайындаңыз.
«images» атты папканы жасаңыз. Егер фотосурет көп болса, әрқайсысының өлшемі 1 МБ-дан аспауы керек. Суреттерді қосудың бірнеше тәсілі бар:
«артикул товара_порядковый номер фотографии» пішімінде суреттерге атау беріңіз. Мысалы: 1234_1, 1234_2, 1234_3. Оларды папкаға салыңыз.
«images» ішінде тауар артикулының атауы бар папканы жасаңыз. Оған суреттерді салып, оларға
1-ден 10-ға дейін атау беріңіз. Excel кестесінің ішіндегі ««Код изображений» бағанында артикулды көрсетіңіз.3. Kaspi.
kz-тегі Магазинде тауарлар туралы, ақпаратты жүктеңіз.Тауарлар туралы, ақпарат бар үлгіні және «images» папкасын ZIP пішіміне архивтеңіз. Ықшамдалған ZIP папкасының өлшемі 100 МБ аспауға тиіс.
Нераспознанные товары бөліміне → Загрузить информацию о товарах → Перейти к загрузке файлов → Загрузить файл деп өтіп, дайындалған ZIP папканы таңдап, әрекетті растаңыз. Файлды өңдеуге 30 минутқа дейін уақыт кетеді.4. Тауарларды сатылымға шығарыңыз.
Файл өңделгеннен кейін тауарлар тексеруге түседі және Нераспознанные товары → На проверке бөлімінде болады. Тексеру 3 жұмыс күні ішінде аяқталады және тауарлар Управление товарами → Сняты с продажи бөліміне өтеді. Сізге олардың бағасын және сату орындарында бар екенін көрсету керек, содан кейін сатуға қою керек.
Назар аударыңыз: кейбір брендтердің тауарларына Kaspi.kz-тегі Магазинде саудаға рұқсат алмай сатуға шектеу қойылған.
Брендтер мен санаттар
Рұқсат алу үшін қандай тауарды сататыныңызға қарай үлгіні толтырыңыз:
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?