• Орналастыру үшін сатуға рұқсат алу қажет Kaspi.kz-тегі Магазиндегі барлық тауардың тізімі:


    Брендтер мен санаттар

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинде шектеу қойылған брендтердің тауарларын сатуға рұқсат алу үшін үлгіні толтырыңыз. Сату үшін тауарды қандай тәсілмен алатыныңызға байланысты құжаттарды тіркеңіз:

     

     
    Жеткізуші тауарды брендтің ресми өкілінен сатып алып, оны сізге сатады.
    • Жеткізушінің тауарды сату құқығын растайтын тауар белгісінің құқық иесінің ақпараттық хаты.
    • Жеткізушімен немесе құқық иесімен — бренд иесімен тауарды сатып алу шарты.
    • Соңғы 90 күннің ішінде тауарды сатып алуды растайтын, тауар белгісі көрсетілген жүкқұжаттар мен чектер.

     

     
    Жеткізуші тауарды брендтің ресми өкілінен сатып алады және оны делдалға сатады. Сіз тауарды делдалдан сатып аласыз.
    • Жеткізушіден тауар сатып алатын делдалмен шарт.
    • Компанияңыздың соңғы 90 күннің ішінде тауарды сатып алуды растайтын, бренд көрсетілген чектер не жүкқұжаттар.
    • Делдал компанияның одан тауар сатып алу фактісін растайтын ресми дистрибьютордың ақпараттық хаты.
    • Компанияның ресми дистрибьютор ретіндегі мәртебесін растайтын брендтің құқық иесінің ақпараттық хаты.

     

     
    Сіз тауарды брендтің ресми сайтынан сатып аласыз.

    Сіз рұқсатты тауар қоймаңызға келген кезде ғана ала аласыз. Ол үшін мыналар қажет:

     

    • Брендтің ресми сайтына сілтеме.
    • Kaspi.kz-тегі Магазинде өзіңіз сатқыңыз келетін брендтердің тауарларына электрондық чектер.

     

    Шарттары:

     

    Чектер компания басшысының атына жазылуы керек;

    тауарлардың ең аз саны – 10;

    сатып алған күннен бастап 60 күннен аспауы керек

     

    • Сатып алуды растайтын компания басшысы ашқан шоттан үзінді көшірме.
    • Тауарды алу туралы ақпарат бар көлік құжаттары.

     

    Ерекшелік: «Телефондар мен гаджеттер», «Тұрмыстық техника», «ТД, Аудио, Видео», «Компьютерлер». Егер ресми сайттан сатып алсаңыз,  осы санаттағы брендтердің тауарларын сатуға рұқсат ала алмайсыз.

     

    Назар аударыңыз: Егер тауар авторизацияланбаған интернет-дүкендерден сатып алынса, Kaspi.kz-тегі Магазин белгілі бір брендтегі тауарлы орналастыруға рұқсатты ашпауы мүмкін.

     

    Жалған құжаттарды ұсынғаны үшін Kaspi.kz-тегі Магазиннен ажыратуға дейін шаралар қолданылады.

     

    Жаңартылды 28.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?