• Тауарды Kaspi.kz-тегі Магазинге бірнеше тәсілмен қосуға болады:

     

     
    Kaspi Pay мобильді қосымшасында

    Магазин на Kaspi.kz → Товары → Добавить новый деп өтіңіз. Іздеу жолына атауын енгізіп, тізімде ұсынылғанның ішінен лайықты позицияны таңдаңыз. Карточканың тауарыңызбен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, ол үшін сипаттамаға өтіп, ерекшеліктерін тексеріңіз. Бағаңызды көрсетіп, «Добавить» деп басыңыз.

     

    Тауарыңыз 15 минуттың ішінде сатылымға шығарылады, «В продаже» қосымша бетіне ауыстырылады.

     

     
    Сатушының кабинетінің веб-нұсқасында

    Товары бөліміне → Управление товарами → Добавить товар деп өтіңіз.

     

    Іздеу жолына атауын енгізіп, тізімде ұсынылғанның ішінен лайықты позицияны таңдаңыз. Карточканың тауарыңызбен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, ол үшін атауды басыңыз да, ерекшеліктерін тексеріңіз.

     

    Тауар бар тапсырыс беру аймағы көрсетілген қоймаларды таңдап, бағасын көрсетіңіз. Оны әр қала үшін әртүрлі ету үшін «Одна для всех городов» белгісін алып тастаңыз.

     

    Тауарыңыз 15 минуттың ішінде сатылымға шығарылады.

     

    Назар аударыңыз: ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін тауарларды сату – бұл Kaspi.kz. Магазинмен жұмыс істеу ережесін бұзу. Бұл жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.

    Жаңартылды 17.03.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?