Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарларға жарнаманы неге іске қоса алмаймын?
Жаңартылды
15.01.2025
Бірнеше себебі болуы мүмкін:
Тауарыңыз Kaspi.kz-тегі Магазиндегі жарнаманың шарттарына сәйкес келмейді
Төмендегі санаттардың біріне жатады:
дәрі-дәрмек;
дәрумендер мен ББҚ;
сүт қоспалары;
алкоголь;
қару және есірткі;
ересектерге арналған тауарлар;
портсигарлар;
энергетикалық сусындар.
Оның құны ең аз құннан кемінде 3%-ға асады. Егер тауар басқа сатушылардың сатылымында болса, оның жарнамасын, егер сіз қойған құн Kaspi.kz-тегі Магазиндегі ең аз құннан көп дегенде 3%-ға асса (бірақ 3000 теңгеден көп емес), іске қосуға болады. Мысалы, егер тауардың ең төменгі бағасы — 10 000 теңге болса, сіздің бағаңыз 10 300 теңгеден аспауға тиіс. Ерекше жағдай: Алматы қ. бойынша жеткізу: бұл жағдайда сіздің бағаңыз осы қаланың сатушыларының ең төменгі бағасынан аспауы керек. Мысалы, тауардың ең төмен бағасы – 10 000 теңге. Сіздің бағаңыз 10 300 теңгеден аспауға тиіс.
Тауарыңыз «Сняты с продажи» бөлімінде тұр
Бұл бөлімге бағасы жоқ немесе сатылымнан алынып тасталған тауарлар өтеді.
Жарнаманы іске қосу үшін мұндай тауарды сатуға қою керек. Мұны екі тәсілмен жасауға болады:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Kaspi.kz-тегіМагазин → Товары бөліміне өтіңіз-де, қажеттісін таңдап, «Выставить» деп таңдаңыз.
Сондай-ақ тауардың жанындағы үш нүктені, содан кейін «Выставить на продажу» деп басуыңызға болады.