«Маркетинг» сервисіндегі тауар жарнамасы — науқанды іске қосу арқылы Kaspi.kz-тегі Магазинде сатылымыңызды арттыруға мүмкіндік беретін құрал.
Жарнаманың көмегімен өз тауарларыңызды санаттар мен іздеу беттеріндегі алдыңғы қатарға көтере аласыз. Клиенттер бірінші кезекте ұсынысыңызды көреді және тауарыңызды таңдау ықтималдығы артады.
Жарнама науқандарыңызды өзіңіз басқарасыз: бюджетті, мерзімін белгілейсіз және кез келген сәтте баптауды өзгерте аласыз немесе өткізуді тоқтата аласыз.
Төлем басқаны үшін ғана – сатып алушы жарнамаланатын тауар карточкасына өткен кезде алынады. Сома автоматты түрде ағымдағы шотыңыздан есептен шығарылады.
Әр науқан бойынша нәтиже «Маркетинг» сервисінде қолжетімді болады.