«Маркетинг» сервисінде, «Реклама товаров в Магазине на Kaspi.kz» бөлімінде Начать рекламировать товары → Мои кампании → Запустить рекламу деп басыңыз.
Науқанның параметрлерін көрсетіңіз.
- Атауы.
- Кезеңі — жарнамалау басталатын күн және аяқталатын күн. Жарнаманы шектеусіз мерзімге іске қосуға болады, ол үшін «Дата окончания» жолында «Я сам остановлю кампанию» деп таңдаңыз.
- Тауар.
- Мөлшерлеме — әр санат үшін 1 басқаны үшін баға (ең азы 3 теңге).
- Тауарды өткізгіңіз келетін қалалар немесе аймақтар.
Егер позиция таңдаған орындағы қоймаңызда болса немесе Kaspi Жеткізумен тауарды жөнелтуге болатын болса ғана, мұндай жарнама клиенттерде көрінеді. - Бюджет — бір күн жарнамалау үшін жұмсауға дайын сомаңыз. Ең аз мән— 1000 теңге.
Содан кейін «Запустить кампанию» деп басыңыз.
Kaspi.kz-тегі Магазинде тауар жарнамасын қалай іске қосуға болатыны туралы бейнематериалды көруді ұсынамыз: