Сіз жарнама бағасын өзіңіз белгілейсіз.
Науқан басталған кезде сіз келесі параметрлерді баптайсыз:
- Күндік бюджет — сіз күніне жарнамаға жұмсауға дайын ең көп сома. Ең аз күндік бюджет – 1000 теңге.
Егер жарнаманың бір күндік бюджеті жұмсалып қойса, науқан келесі күнге дейін тоқтатыла тұрады. Сол күнгі өткізуді жалғастыру үшін науқанның баптауында күндік бюджетті ұлғайта аласыз. Жарнама автоматты түрде қайта көрсетіле бастайды.
- Басқаны үшін баға — пайдаланушы жарнамалық хабарландырудан тауар карточкасына өткен кезде күндік бюджеттен жұмсалатын сома. Басқаны үшін белгілеуге болатын ең аз баға — 3 теңге.
Жарнама баптауында сізге санатыңыз бойынша басқаны үшін орташа баға көрсетіледі. Оны науқанның баптауын өзіңіз белгілеген кезде негізге алуға болады.
Алғашқы жарнама науқанын бастамас бұрын серіктес 20 000 бонус алады. Жарнаманы тестілеу және кейінгі науқандарды іске қосқанда өнімділікке қол жеткізу үшін оның көмегімен жарнама ақысын төлеуге болады.
Бірінші кезекте бонус жұмсалады. Ол автоматты түрде болады, сізге ештеңе жасаудың қажеті жоқ. Ол таусылғаннан кейін жарнама науқаны аяқталғанға дейін төлем күн сайын шотыңыздан алынады.