Тауар жарнамасы арқылы Kaspi.kz-тегі Магазинде сату көлемін арттыру үшін қарапайым ұсынымдарды орындаңыз:
- Жарнама науқанын кемінде 1 айға қосыңыз.
Осы кезең ішінде жарнама алгоритмдері тауарды тиімді өткізу үшін оқытудан өтеді. Науқанды үзбеңіз, сонда ол жоғары нәтиже көрсетеді, ал тауарларыңызды барынша көп сатып алушылар көреді.
- Жарнамалық бағалауы жоғары тауарларды жарнамалаңыз.
Жарнамалық бағалаудың көмегімен осы санаттағы тауарларыңыздың қайсысын клиенттердің жиірек сатып алатынын білуге болады. Сатылымыңыздың көлемін арттыру үшін, көрсеткіші 7 және одан да жоғары позицияларды жарнамалаңыз. Бағаны тауарды жарнамаға қосатын кезде немесе талдауды қараған кезде Kaspi Pay мобильді қосымшасынан көруге болады: Маркетинг → Реклама товаров в Магазине на Kaspi.kz
- Тауардың оңтайлы санын таңдаңыз.
Барлық қалаған позицияны жарнамалау үшін бюджетіңіз жеткілікті болуы керек. Ұсынылатын саны – 5-тен 20-ға дейін, егер тауар азырақ болса, оны басу мүмкіндігі де азаяды. Позициялар саны көп болса, жарнаманың күнделікті бюджеті жылдамырақ таусылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол келесі күнге дейін тоқтатылады. Бұл туралы Kaspi Pay мобильді қосымшасына хабарлама келеді.
- Бір рет басу үшін тиімді мөлшерлемені белгілеңіз.
Жарнамаңыз басты беттегі бірінші орындарда болуы үшін тауар санатына ауысқан кезде негізгі сөз бойынша іздеу нәтижесінде және «Сізді қызықтыруы мүмкін» топтамасында басу үшін мөлшерлемені орташадан жоғары белгілеңіз. Жарнама науқаны іске қосылғанда оның құнын көресіз. Мөлшерлемені кез келген уақытта түзете аласыз.
- Оңтайлы бюджетті көрсетіңіз.
Бұл сіз бір күнде жарнамаға жұмсауға дайын сома. Ол неғұрлым көп болса, сатып алушылар жарнамаңызды соғұрлым жиі көреді. Бұл клиенттердің тауар картасына басып, оны сатып алу мүмкіндігін арттырады. Егер бюджет таусылып қалса, тауар жарнамалау келесі күнге дейін тоқтатылады. Бұл туралы Kaspi Pay мобильді қосымшасына хабарлама келеді.
- Жарнаманың нәтижесін күн сайын бақылап отырыңыз.
Барлық жарнама науқаныңыз бойынша статистика қолжетімді. Оның көмегімен тауардың мәртебесін тексеріп, басу үшін жоғары бағаны сақтап, науқан бюджетін қадағалап, оның тиімділігін, мысалы, тапсырысқа конверсиялау бойынша бағалай аласыз.
Конверсия = Тапсырыстар саны/Тауар картасына басу саны.
Сіз жарнамалайтын тауарларды жиі сатып алу үшін өнімнің сапасын және сатушының рейтингін қадағалап, тапсырыстарды уақытында жеткізіңіз.