Бірнеше себебі болуы мүмкін:
1. Тауарыңыз Kaspi.kz-тегі Магазиндегі жарнаманың шарттарына сәйкес келмейді:
- ҚР Заңы бойынша жарнамалауға болмайтын санаттардың біріне жатады.
Дәрі-дәрмек және ББҚ, сүт қоспалары, қыздыру жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар (электрлі темекі, вейп) немесе алкоголь.
- Оның құны ең аз құннан кемінде 1%-ға асады.
Егер тауар басқа сатушылардың сатылымында болса, жарнаманы іске қосу үшін оның бағасы Kaspi.kz-тегі Магазиндегі ең төменгі баға болуы керек немесе одан көп дегенде 1%-ға не 3000 теңгеге аса алады.
Мысалы, егер тауардың ең төменгі бағасы — 10 000 теңге болса, сіздің бағаңыз 10 100 теңгеден аспауы тиіс.
2. Тауарыңыз архивте тұр.
Бұл бөлімге бағасы жоқ немесе сатылымнан алынып тасталған тауарлар өтеді.
Жарнаманы іске қосу үшін мұндай тауарды сатуға қою керек. Мұны екі тәсілмен жасауға болады:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Сатушының Kaspi.
kz-тегі кабинетінің
веб-нұсқасында