Топ 10 сұрақ барлық өнімдер бойынша Kaspi
  • 7.

    Kaspi.kz-тегі Магазинде шектеу қойылған брендтердің тауарларын сатуға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жаңартылды 15.04.2024

    Құжаттар тізімі сіздің сатуға тауарды қандай тәсілмен алатыныңызға байланысты.

     

    1) Сіз брендтің құқық иесісіз.

     

    • Қазақстанда тіркелген Тауар белгісіне куәлік.
    • Жапсырмада немесе қаптамада бренд логотипі бар тауарлардың фотосуреттері.

     

    2) Дистрибьютор тауарды брендтің ресми өкілінен сатып алып, оны сізге жеткізеді.

     

    • Дистрибьютордың тауарды сату құқығын растайтын тауар белгісінің құқық иесінің ақпараттық хаты.
    • Дистрибьютормен немесе құқық иесімен — тауар брендінің иесімен тауарды сатып алу шарты.
    • Соңғы 90 күннің ішінде тауарды сатып алуды растайтын, бренд көрсетілген чектер немесе жүкқұжаттар.

     

    3) Дистрибьютор тауарды брендтің ресми өкілінен сатып алады және оны делдалға сатады. Сіз тауарды делдалдан сатып аласыз.

     

    • Компанияңыздың дистрибьютордан тауар сатып алатын делдалмен шарты.
    • Компанияңыздың соңғы 90 күннің ішінде тауарды сатып алуды растайтын, бренд көрсетілген чектер не жүкқұжаттар.
    • Делдал компанияның одан тауар сатып алу фактісін растайтын ресми дистрибьютордың ақпараттық хаты.
    • Компанияның ресми дистрибьютор ретіндегі мәртебесін растайтын брендтің құқық иесінің ақпараттық хаты.

     

    4) Сіз тауарды брендтің ресми сайтынан сатып аласыз.

     

    • Брендтің ресми сайтына сілтеме.
    • Kaspi.kz-тегі Магазинде өзіңіз сатқыңыз келетін брендтердің тауарларына электрондық чектер.

    Шарттары:
    тауарлардың ең аз саны — 10;
    сатып алынған күннен бастап 60 күннен аз уақыт өтті.

     

    • Компания директорының тек түпнұсқа өнімді сатуға кепілдік беретіні туралы хаты. Егер жалған өнім сату фактісі расталса, дүкен ажыратылады.

     

    Ерекшелік: «Телефондар мен гаджеттер», «Тұрмыстық техника», «ТД, Аудио, Видео», «Компьютерлер». Егер ресми сайттан сатып алсаңыз,  осы санаттағы брендтердің тауарларын сатуға рұқсат ала алмайсыз.

     

    Назар аударыңыз: Егер тауар авторизацияланбаған интернет-дүкендерден сатып алынса, Kaspi.kz-тегі Магазин белгілі бір брендтегі тауарлы орналастыруға рұқсатты ашпауы мүмкін.

     

    Жалған құжаттарды ұсынғаны үшін Kaspi.kz-тегі Магазиннен ажыратуға дейін шаралар қолданылады.

     

    Сатуға шектеу қойылған брендтердің тауарларын жариялауға рұқсат алу үшін нысанды толтырыңыз.

    Үлгіні толтырыңыз

    ​Сатуға шектеу қойылған брендтердің тауарларын жариялауға рұқсат алу үшін үлгіні толтырыңыз.

    Сатуға шектеу қойылған брендтердің тауарларын жариялауға рұқсат алу үшін үлгіні толтырыңыз.

    Қолданушылардың 94% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?