Қызметтер → Реттеу → Қызметкерлер → Қосу деп өтіңіз. Cодан кейін қызметкердің рөлін көрсетіңіз, оның телефон нөмірін және атын енгізіңіз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында компанияның басшысы әртүрлі қолжетімділік деңгеймен қызметкерлерді қоса алады:
Басқ арушы | шоттарды қарайды; ақша аударады және төлемді өткізеді; сату орындарын баптайды; қызметкерлерді қосады; Kaspi Pay-дегі Бөліп төлеу науқандарына қосылады; Kaspi.kz-тегі Магазинде науқандарды тексереді; тауар жарнамасын іске қосады; тауарларды қосады және сатылымға шығарады; бағаларды өзгертеді; тапсырыстарды өңдейді. |
Бухгалтер | шоттарды қарайды; сату бойынша үзінді көшірмелер мен есептерді шығарады; төлемді өткізеді; салық төлейді; сату орындарын баптайды; кассирлерді қосады; төлем қабылдайды. |
Кассир | Kaspi QR-мен және қашықтан төлем қабылдайды; қайтаруды ресімдейді. |
Kaspi.kz-тегі Магазиннің менеджері | тапсырыстарды қабылдайды; қайтаруды өңдейді; тауарларды қосады. |
Маркетинг менеджері | Kaspi Pay-дегі Бөліп төлеу науқандарына қатысатынын растайды; Kaspi.kz-тегі Магазинде тауар жарнамасын іске қосады. |
Жаңа пайдаланушыға тіркелу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтемесі бар SMS келеді.
Содан кейін «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөлі бар қызметкер Kaspi Pay веб-нұсқасына кіре алады. Ол үшін өзінің телефон нөмірі мен Kaspi Pay есептік жазбасының паролін енгізіп, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы QR- кодты сканерлеу керек.