Бірнеше себебі болуы мүмкін:
- Қызметкер Kaspi Pay мобильді қосымшасында тіркелген.
Kaspi Pay қосымшасына кіру үшін пайдаланатын нөмірі бойынша оны компанияға қосыңыз.
- Жұмыскер Kaspi Pay-де жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін бұғатталған.
Қауіпсіздік мақсатында қайта тіркеу мүмкін емес.
- Қызметкер Kaspi Pay мобильді қосымшасында фотоанықтаудан өте алмайды.
Бұл пайдаланушыны тіркеудің міндетті кезеңі. Мына талаптарды тексеру қажет:
смартфонның алдыңғы камерасы жұмыс істеп тұруы тиіс
Егер істемесе, фотоанықтаудан басқа құрылғыдан өтуге немесе жөндеу үшін сервис орталығына хабарласуға болады;
қосымшада камераға кіру мүмкіндігі болуы тиіс
Android-та «Қосымшалар»: Kaspi Pay → Рұқсаттар → Рұқсат беру бөлімін.
iOS-та - «Құпиялылық»: Камера → Kaspi Pay → Рұқсат беріңіз бөлімін ашу қажет.
үй-жайдың ішінде жарық жеткілікті болуы тиіс
Бетке жарық біркелкі, көлеңкесіз және шағылусыз түсуі тиіс.
смартфон бетке қарама-қарсы орналасуы тиіс
Бет экрандағы сопақшаға толығымен кіріп тұруы тиіс, көз камераға қарап, ал артында басқа адамдар болмауы тиіс.
камерада шаң, кір, дақтар болмауы тиіс
құрылғыға Kaspi Pay мобильді қосымшасының өзекті нұсқасы орнатылуы тиіс