Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасына «Басқарушы» рөлімен қызметкерді қосыңыз. Ол:
- шоттарды қарай алады;
- ақша аударып, төлем жасай алады;
- сату орындарын баптай алады;
- қызметкерлерді қоса алады;
- Kaspi QR-мен науқандарға қосыла алады;
- Kaspi.kz -тегі Магазинде науқандар күнтізбесін тексере алады;
- тауарлардың жарнамасын іске қоса алады;
- тауарларды қоса алады және сатуға қоя алады;
- бағаларды өзгерте алады;
- тапсырыстарды өңдей алады.
Қызметтер → Реттеу → Қызметкерлер → Қосу деп өтіңіз. Содан кейін қызметкердің «Басқарушы» рөлін таңдап, оның телефон нөмірін және атын енгізіңіз.
Жаңа пайдаланушыға тіркелу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтемесі бар SMS келеді.
«Басқарушы» рөлімен қызметкерлерді тек компания басшысы қоса алады.