Бірнеше себебі болуы мүмкін:
Қызметкер компанияға қосылмаған.
Қызметкерді қосу үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Сервистер → Баптау → Қызметкерлер → Қосу деп өтіңіз. Ары қарай қызметкердің рөлін көрсетіп, оның аты мен телефон нөмірін енгізіңіз.
Қызметкер Kaspi Pay мобильді қосымшасында тіркелмеген.
Басшы немесе басқарушы қызметкерді қосқан кезде көрсеткен телефон нөміріне Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеуге сілтемесі бар SMS келеді.
Тіркелу үшін телефон нөмірін, ЖСН енгізіп, пароль мен жылдам кіру кодын ойлап табу керек.
Жұмыскер Kaspi Pay веб-нұсқасына кіру кезінде бөтен адамның телефон нөмірін және паролін пайдаланды.
Kaspi Pay веб-нұсқасына кіру үшін жұмыскерке өзінің телефон нөмірін және Kaspi Pay есептік жазбасының паролін енгізу керек. Содан соң оның Kaspi.kz.мобильді қосымшасы арқылы QR кодты сканерлеу керек.
Бөтен адамның есептік жазбасына кіру мүмкін емес.
Жұмыскер жұмыс ережелерін бұзғаны үшін Kaspi Pay-де бұғатталды.
Қауіпсіздік мақсатында қайта тіркеу мүмкін емес.
Қызметкер кіру үшін қате парольді енгізеді.
Caps Lock қосылмағанына, дұрыс енгізу тілі орнатылғанына көз жеткізіп, қайталап көріңіз.