• Төлемнің өтпеуінің ықтимал себептері:

     

    • интернетте сатып алуға рұқсат жабық немесе сатып алған заттың құны лимиттен асып кеткен.
      Рұқсатты ашу немесе сәйкес лимитті таңдау үшін «Жеке Банк» сервисіне өтіп, Kaspi Gold → Әрекет → Интернеттен сатып алу деп таңдаңыз
       
    • қаражат жеткіліксіз.
      Kaspi Gold-қа ақша салып, төлемді қайталаңыз;
       
    • картаның мерзімі өтіп кеткен.
      Картаның оң жағындағы жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Егер оның мерзімі өтіп кетсе, Kaspi Gold картасын Kaspi Картоматта 60 секундта қайта шығара аласыз. Өзіңізбен бірге тек ұялы телефон қажет болады. ҚР бейрезиденттері үшін Kaspi.kz бөлімшесіне бару қажет болады;
       
    • картаның деректемелері қате енгізілген.
      Картаның нөмірін, иесінің аты мен тегін, жарамдылық мерзімін, CVV-кодын Kaspi.kz қосымшасында көруге және көшіруге болады: «Жеке Банк» → Kaspi Gold → Ақпарат → Карта мен шоттың реквизиттері.
       
    • сіз бөгде сервиске ақшаны есептен шығаруға тыйым салдыңыз;
      Жазылым үшін төлем сіздің Kaspi Gold-тан қайта алынуы үшін Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақылы сервистер мен жазылымдар деп өтіп, «Бұғатталғаны» қосымша бетінен қажетті сервисті таңдаңыз және «Алда ақша алынуына рұқсат ету» деп басыңыз.
       
    • сіз букмекерлік кеңселердің пайдасына төлем жасауға әрекеттеніп жатырсыз;
      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талабы бойынша мұндай төлемдер қазіргі уақытта қолжетімсіз. Ерекшелік: Fonbet және Winline.

      ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағы
       
    • сіз құмар ойындарды төлеуге әрекет жасап жатырсыз;
      Қазақстанда Kaspi Gold-тан ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиясы жоқ онлайн-казино мен тотализаторлардың пайдасына төлем жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ, заң бойынша 21 жасқа дейін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға болмайды.


    ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағы

    ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағы

     

    • сіз криптовалюта сатып алып жатырсыз.
      Компанияның Қазақстанда қызмет ету құқығына лицензиясы болмаса, Kaspi Gold-тан  криптовалюта  сатып алуға тыйым салынады. Заң «Астана» халықаралық қаржы орталығының (MFTSA) лицензиясы бар компанияларға ғана цифрлық активтермен қамтамасыз етілген операцияларға рұқсат береді.
       

    «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заңның 8-бабы
     

    • сіз ҚР Ұлттық банкінің антифрод-орталығы тізіміндесіз

    Құқық қорғау органдары (ІІМ) бұл тізімге алаяқтық белгілері бар операциялар жасаған клиенттердің ЖСН-ін енгізеді. Осындай жағдайда Kaspi.kz операцияларды қабылдамайды.
     

    «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы

     

    Егер себептердің біреуі де расталмаса, Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Гид-пен чатқа  жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Жаңартылды 30.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?