Жауап беру үлесі — бұл серіктестің жұмысының сапа көрсеткіші.
Оның көмегімен клиенттермен сөйлесу кезіндегі өз сервисінің деңгейін қадағалауға, олардың қаншалықты жиі жауап алатынын немесе назардан тыс қалатынын бақылап, мұның сату көлеміне қалай әсер ететінін бағалауға болады. Жауап беру үлесі неғұрлым жоғары болса, пайдаланушының сізден сатып алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Есептеу формуласы:
3 сағатқа дейін клиенттерге берілген жауаптар саны/чаттардың жалпы саны х 100%
Мән Kaspi.kz-тегі Магазинде соңғы 30 күн ішінде пайдаланушылардан келген үшінші хабарламадан немесе қоңыраудан кейін қалыптасады.
Егер клиент сіздің жұмыс уақытыңызда хабарласса және сіз онымен 3 сағат ішінде байланысқа шықсаңыз, чаттағы жауап есепке алынады.
Kaspi.kz-тегі Магазин сатушысының кабинетінде сіз есептеулерде ескерілген чаттардың тізімін көре аласыз.
Жауап беру үлесі жалпы сапа көрсеткішіне әсер етпейді.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 26.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері