Әр жағдай жеке қаралады. Шешім пікірдің қаншалықты объективті екеніне байланысты. Мысалы, сатып алушы тауардың сипаттамасын, сапасын немесе оны қолдану тәжірибесін жазады.
Пікірді мынадай бірнеше жағдайда өшіруге болады:
- өтінім бар үлгіде бұзушылықты растайтын себептерді дұрыс таңдаған және сипаттаған;
- баға тек Kaspi Жеткізуге немесе тауарды қайтаруға қатысты болған;
- пікірді рейтингке әсер ету үшін компания қызметкерлері немесе басқа мүдделі адамдар жазған;
- мәтін бейәдеп сөздерді қамтыған;
- нақты тауар туралы ақпарат көрсетілмеген;
- мәтінде жарнама, телефон нөмірлері немесе бөгде ресурстарға сілтемелер болған жағдайда өшіруге болады.
Шешіммен келіспесеңіз, клиенттен теріс пікір қалдырудың себебін біліп көріңіз. Ол үшін сатушының кабинетінде Сапа көрсеткіштері → Рейтинг → Барлық баға бөлімін ашыңыз. Қажетті тапсырысты таңдап, клиенттің аты-жөнінің жанындағы
басыңыз.
Тауарыңызды қалай дұрыс пайдалану керектігін түсінуге көмектесіңіз, туындаған сұрақтарға жауап беріңіз, ал егер сатып алушы тауар сапасына көңілі толмаса, оны ауыстыруды немесе қайтаруды ұсыныңыз.
Мәселені шешкеннен кейін, клиент Kaspi.kz қосымшасында пікірін өзгерте алады. Ол үшін:
Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым деп ашып, қажетті тапсырысты таңдау;
«Тапсырыс мәліметтері» бөліміне өту;
Менің пікірім → Өңдеу деп басу қажет.
Жаңа баға сапа көрсеткіштерінде бірден ескеріледі.