Сатушының кабинеті ажыратылғаннан кейін бір айдан соң Kaspi.kz-тегі Магазинге қайта қосылуға өтінім бере аласыз.
Бұл Kaspi.kz-тегі Магазиннен ажыратылғаннан кейін 30 күннен кейін болады: сатушыға барлық тапсырысты беріп, сатып алушылар қайтарған немесе күшін жойған тауарды алу үшін осынша уақыт қажет.
Kaspi.kz-тегі Магазинге қосу туралы шешiм әр нақты жағдайда жеке қабылданады.
Назар аударыңыз: Егер сізді қайта қосса, сатушының рейтингі жойылады. Сатып алушылардан алғашқы үш пікірді алған кезде есептеу басталады.
Сізді Kaspi.kz-тегі Магазиннен ажыратпау үшін рейтингті 3 жұлдыздан төмендетпей сақтаңыз.
Ол үшін мынадай ұсынымдарды орындаңыз:
- тек бірегей тауарларды сатыңыз;
- тауардың картадағы сипаттамаға сәйкес келетінін тексеріңіз, қажет болған жағдайда жеке жасаңыз;
- бірнеше тасымалға төтеп беру үшін тауарды қорапқа немесе курьер-пакетке ораңыз;
- тауарды барлық қажетті бөлшекпен және құрама бөліктерімен жіберіңіз;
- өнімнің сапасын қадағалаңыз, егер ол нашар болса, тауарды сатудан алып тастаңыз;
- сатып алушылар тауарыңыз туралы қалдырған пікірлерді оқып, сервисті жақсартуға тырысыңыз.