Әр пікір Kaspi.kz-тегі Магазиннің ережелерінің сәйкестігіне тексеруден өтеді. Оған 1 жұмыс күні кетеді.
Егер одан көп уақыт өтсе, ал пікір әлі жарияланбаса, оның бірнеше себебі болуы мүмкін:
- баға тек Kaspi Жеткізуге немесе тауарды қайтаруға қатысты;
- пікірді рейтингке ықпал ету мақсатында компания қызметкерлері немесе басқа да мүдделі тұлғалар жазған;
- мәтінде әдепсіз сөздер бар;
- тауар немесе сатушы туралы ақпарат жоқ;
- мәтінде жарнама, телефон нөмірлері немесе бөтен ресурстарға сілтемелер бар.
Сатушының Kaspi.kz-тегі Магазиндегі парақшасында соңғы 90 күнгі мәтіні бар пікірлер ғана көрінеді. Клиенттер әрдайым түсіндірме жаза бермейді, сондықтан бағаның саны көп болуы мүмкін — олардың барлығы рейтингке әсер етеді.
Егер сіз соңғы 90 күнде жарияланған түсіндірмелерді көре алмасаңыз, демек сатып алушы оны өшіріп тастаған.
Назар аударыңыз: Kaspi.kz-тегі Магазиндегі тауар карточкасында сіз осы позиция туралы ақпарат жазылған пікірлерді көре аласыз. Егер клиент тек жұмысыңыз немесе жеткізу туралы жазса, онда түсіндірмелер сатушының кабинетінде жарияланады.
Барлық пікірді көру үшін Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Сапа көрсеткіштері → Рейтинг бөліміне өтіп, «Барлық баға» деп басыңыз.
Жаңартылды 02.10.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері