Пікірді өшірудің бірнеше жолы бар:
Өтінім формасын толтырыңыз
Онда ЖСН немесе БСН мен тапсырыс нөмірін көрсетіңіз. Тізімнен себебін таңдап, Kaspi.kz-тегі Магазиннен пікірді не үшін өшіргіңіз келетінін жазыңыз. Қажет болса, скриншоттарды, фотосуреттерді немесе құжаттарды тіркеңіз.
Өтінімді жіберіңіз. 48 сағат ішінде Kaspi Pay қосымшасында жауабы бар хабарлама келеді.
Назар аударыңыз: әр жағдай жеке қаралады.
Сатып алушымен өзіңіз байланысыңыз
Клиенттен теріс пікірдің себебін біліп көріңіз. Ол үшін сатушының кабинетінде Сапа көрсеткіштері → Рейтинг → Барлық баға бөлімін ашыңыз. Қажетті тапсырысты таңдап, клиенттің аты-жөнінің жанындағы
басыңыз.Тауарыңызды қалай дұрыс пайдалану керектігін түсінуге көмектесіңіз, туындаған сұрақтарға жауап беріңіз, ал егер сатып алушы тауар сапасына көңілі толмаса, оны ауыстыруды немесе қайтаруды ұсыныңыз.
Мәселені шешкеннен кейін, клиент Kaspi.kz қосымшасында пікірін өзгерте алады. Ол үшін:
Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым деп ашып, қажетті тапсырысты таңдау;
«Тапсырыс мәліметтері» бөліміне өту;
Менің пікірім → Өңдеу деп басу қажет.
Жаңа баға сапа көрсеткіштерінде бірден ескеріледі. Өтінім формасын толтырыңыз
Жаңартылды 16.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері