Сатушының рейтингі — бұл оның тауарлары мен жұмыс сапасының көрсеткіші. Ол соңғы 90 күнде Kaspi Магазинде серіктестен зат сатып алған клиенттердің орташа бағасын көрсетеді. Жұлдыздар мен сан түрінде көрсетіледі. Есептеу шәкілі — 0,1 қадаммен 1-ден 5-ке дейін.
Есептеу формуласы:
((5*A) + (4*B) + (3*C) + (2*D) + (1*E)) / Барлық баға саны
A — 5 жұлдызбен бағалау саны;
B — 4 жұлдызбен бағалау саны;
C — 3 жұлдызбен бағалау саны;
D — 2 жұлдызбен бағалау саны;
E — 1 жұлдызбен бағалау саны.
Егер сатып алушы Kaspi Жеткiзу кезiнде тауардың бүлінгені туралы хабарласа, пікір есепке алынбайды және жарияланбайды.
Соңғы 90 күнде серіктесте тауарлар бойынша кемінде 3 баға болған кезде есеп басталады.
Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы кабинетінде сапа көрсеткіштері мен есептеулер кезінде ескерілген тапсырыстарды көре аласыз. Сізге деректерді талдау ыңғайлы болуы үшін олар санаттар, брендтер, тауарлар және сату орындары бойынша бірнеше бөлімге топтастырылған.
Рейтинг 4 жұлдыздан төмен түскенде, Kaspi.kz-тегі Магазин ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шара қолдануы мүмкін.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 19.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері