• Бұл – серіктестер Kaspi.kz-тегі өз магазинінің сервис деңгейін қадағалай алатын жалпы сипаттама.

     

    Сапа көрсеткіштері мынадай болуы мүмкін :

    • өте жақсы;
    • жақсы;
    • қалыпты;
    • нашар;
    • өте нашар.

     

    Олар екі топқа бөлінеді: 

     

    Тапсырыстардың көрсеткіштері

    серіктестің рейтингі;

    сіздің кінәңізден бас тарту; 

    Kaspi Жеткізуге кешіктіріп беру;

    сапа бойынша қайтару. 

     

    Олар жалпы сапа көрсеткішіне әсер етеді: ол неғұрлым жоғары болса, клиенттердің тауарды сізден сатып алу ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады. Сізге деректерді талдау ыңғайлы болуы үшін тапсырыс көрсеткіштері бірнеше бөлімге: санаттар, брендтер, тауарлар және сату орындары бойынша топтастырылған. 

     

    Чаттардағы жауап беру көрсеткіштері:

    орташа уақыт;

    жауап беру үлесі.

     

    Олар жалпы сапа көрсеткішіне әсер етпейді. Осы деректердің көмегімен сіз клиенттермен сөйлесу кезіндегі сервисіңіздің деңгейін қадағалай аласыз және оның сату көлеміне қалай әсер ететінін бағалай аласыз: пайдаланушылар сізбен байланысқаннан кейін қай жағдайларда сіздің дүкеніңізден тапсырыс бергенін, ал қай кезде басқа сатушыны таңдағанын көре аласыз.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазин сатушысының кабинетінде сізге есептеулерде ескерілген барлық көрсеткіштер, тапсырыстар мен чаттар қолжетімді.

    Жаңартылды 24.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?