Kaspi Жеткізуге берген кездегі кешіктіру -бұл серіктестің жұмыс сапасының көрсеткіші.
Онда соңғы 30 күндегі тапсырыстар ескеріледі.
Есептеу формуласы:
Кешіктіріп берілген тапсырыстар / Kaspi Жеткізу бойынша барлық тапсырыс * 100%
Көрсеткіш соңғы 30 күннің ішінде 10 тапсырысы бар серіктестер үшін есептеледі немесе Kaspi.kz-тің қабылдау орнына үшінші рет кешігіп келгеннен кейін пайда болады.
Kaspi Жеткізуге берген кездегі кешіктіру үлесі 10%-дан аз болуы керек. Егер ол жоғары болса — бұл сатушының сапа көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды бұзады. Бұл жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шарасы қолданылуы мүмкін.
Толық ақпаратпен құжаттан таныса аласыз.
Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы кабинетінде сапа көрсеткіштері мен есептеулер кезінде ескерілген тапсырыстарды көре аласыз. Сізге деректерді талдау ыңғайлы болуы үшін олар санаттар, брендтер, тауарлар және сату орындары бойынша бірнеше бөлімге топтастырылған.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 19.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері