Сіздің кінәңізден бас тартылды – бұл серіктестің жұмыс сапасының көрсеткіші.
Онда күйі мына себептермен «Тоқтатылған» деп өзгерген тапсырыстар ескеріледі:
- тауар жоқ;
- сатушы тапсырысты уақытында жеткізіп үлгермеген;
- сатушы тапсырысты мерзімінде қабылдаған жоқ.
Есептеу формуласы:
Бас тартылған тапсырыстар/ Барлық тапсырыс × 100%.
Көрсеткіш соңғы 30 күннің ішінде 10 тапсырысы бар серіктестер үшін немесе үшінші рет сатып алған заттан бас тартқаннан кейін есептеледі.
Бас тартқандар үлесі дүкеніңізден сатып алған заттардың жалпы санының 3%-нан аз болуы керек. Егер одан жоғары болса – бұл сатушының сапа көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды бұзады. Бұл жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шарасы қолданылуы мүмкін.
Ақпаратпен толығырақ құжаттан таныса аласыз.
Ақпаратпен толығырақ құжаттан таныса аласыз. Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы кабинетінде сапа көрсеткіштері мен есептеулер кезінде ескерілген тапсырыстарды көре аласыз. Сізге деректерді талдау ыңғайлы болуы үшін олар санаттар, брендтер, тауарлар және сату орындары бойынша бірнеше бөлімге топтастырылған.
Жаңартылды 25.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері