Орташа жауап беру уақыты — бұл серіктестің жұмысының сапа көрсеткіші.
Оның көмегімен клиенттермен сөйлесу кезіндегі өз сервисінің деңгейін қадағалауға және жауаптың жылдамдығы сату көлеміне қалай әсер ететінін бағалауға болады.
Бұл көрсеткіш сатып алушыларға сіздің әдетте қаншалықты жылдам жауап беретініңізді түсінуі үшін сатушымен чатта көрсетіледі. Орташа жауап беру уақыты неғұрлым аз болса, клиенттің сізден сатып алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Есептеу формуласы:
клиенттердің бірінші хабарламасына немесе қоңырауына жауап берудің жалпы уақыты/чаттардың саны
Мән Kaspi.kz-тегі Магазинде соңғы 30 күн ішінде сатып алушылардан келген үшінші хабарламадан немесе қоңыраудан кейін қалыптасады. Тек сіздің жұмыс уақытыңыздағы хабарласу есепке алынады.
Kaspi.kz-тегі Магазин сатушысының кабинетінде сіз есептеулерде ескерілген барлық чаттарды көре аласыз.
Орташа жауап беру уақыты жалпы сапа көрсеткішіне әсер етпейді.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 26.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Cапа көрсеткіштері