Сатушының кабинеті
Иә. Ол үшін Қосымша → Пайдаланушылар → Пайдаланушыны қосу бөліміне өтіңіз:
- қызметкердің аты мен электрондық поштасын жазыңыз;
- менеджер жұмыс істейтін қала мен қойманың мекенжайын таңдаңыз. Оған барлық дүкендерге кіру мүмкіндігін ашу үшін қалалар тізімінен «Барлығы» деп таңдаңыз;
- қызметкердің кіру құқығын баптаңыз;
Қажет болса, «Кеңейтілген қолжетімділік» бөлімінде «Басқа менеджерлерді қосу және қойма кестесін басқару» дегенді белгілеңіз.
- «Сақтау» деп басыңыз.
Менеджердің электрондық поштасына жеке кабинетінің іске қосылғаны туралы хат келеді.
«Kaspi.kz-тегі Магазин менеджері» рөлі бар қызметкер:
- тауарларды қосып, оларды сатуға қоя алады;
- бағаларды өзгерте алады;
- тапсырыстарды өңдей алады.
- басқа қызметкерлерді қосып, қойманың жұмыс кестесін басқара алады.
Егер қызметкерге кеңейтілген қолжетімділік берсеңіз.
Назар аударыңыз: егер сіз менеджерді веб-нұсқаға қосқан болсаңыз, оның Kaspi Pay қосымшасында сатушының кабинетіне кіру мүмкіндігі болмайды. Қызметкер кабинеттің екі нұсқасында да жұмыс істеуі үшін оны Kaspi Pay қосымшасы арқылы Kaspi.kz-тегі Магазиннің менеджері етіп тағайындаңыз.
Жаңартылды 16.09.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?