• Сілтеме белсенді болып қалады. Ол бойынша Kaspi.kz-тегі   дүкеніңіздің орнына сатушы парақшасы қолжетімді болады. Тауар карточкасында басқа сатушылардың ұсыныстары көрсетіледі.  

     

    Сілтемелер бұрынғыдай жұмыс істеуі үшін  жұмысыңыздың сапа көрсеткіштері «Қалыпты» және одан жоғары болуы керек. Оларды жақсарту  үшін мына ұсынымдарды орындаңыз:  

    • тек түпнұсқа тауарды сатыңыз;
    • тауар сипатына, сипаттамасына және карточкадағы суретке сәйкес келетінін тексеріңіз, қажет болса басқа карточка жасаңыз;
    • қоймадағы тауардың санын көрсетіңіз;
    • өнімнің сапасын қадағап отырыңыз, егер ол нашар болса, тауарды сатылымнан алып тастаңыз;
    • тауарды Kaspi Жеткізудің талаптары бойынша қаптаңыз;
    • тауарды барлық қажетті және жинақтаушы бөлшектерімен жіберіңіз;
    • тапсырысты жеткізу және тауарды Kaspi Жеткізуге беру мерзімін сақтаңыз;
    • сатып алушылар тауарыңыз туралы қалдыратын пікірлерді оқып, сервисті жақсартуға тырысыңыз.
    Жаңартылды 23.12.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?