• Басшы

    Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасына кіру үшін Kaspi Pay қосымшасында авторизациядан өтетін телефон нөміріңізді енгізіңіз. Сізге растау коды бар SMS келеді.

     

    Одан кейін сатушы кабинетінде Қосымша → Пайдаланушылар бөліміне өтіп, өз атыңызды табыңыз.  басып, жаңа электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазин менеджері

    Басшыдан ескі электрондық пошта мекенжайын өшіріп, жаңасын қосуды сұраңыз. Ол үшін Сатушы кабинеті → Қосымша → Пайдаланушылар бөліміне өтіп, қызметкердің атының жанындағы өшіру белгішесін басып, әрекетті растау керек. Содан кейін «Пайдаланушыны қосу» бөлімін ашып:

    • қызметкердің аты-жөнін және қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын жазыңыз;
    • менеджер жұмыс істейтін қала мен қойманың мекенжайын таңдау керек. Оған барлық дүкендерге 
    • қолжетімділік беру үшін қалалар тізімінен «Барлығы» дегенді таңдаңыз;
    • қызметкердің қолжетімділік құқықтарын баптаңыз;

    Қажет болса, «Кеңейтілген қолжетімділік» бөлімінде «Басқа менеджерлерді қосу және қойма кестесін басқару» дегенді белгілеңіз.

    • «Сақтау» деп басыңыз.

     

    Менеджердің электрондық поштасына жеке кабинетінің іске қосылғаны туралы хат келеді.

    Жаңартылды 16.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?