Бірнеше себебі болуы мүмкін:
1. Шағым беру мерзімі аяқталды. Ол жеткізудің түріне байланысты:
- қала бойынша - күнтізбелік 10 күн;
- Қазақстан бойынша - күнтізбелік 45 күн.
Осы уақыт ішінде курьерлік қызмет шағымды тексеру үшін қажетті материалдарды сақтайды.
Мерзім сатып алушыға жеткізу немесе Kaspi.kz қабылдау орнына қайтару жоспарланған күннен бастап есептеледі.
2. Kaspi.kz-тегі Магазиннің менеджері сізден қосымша деректерді сұраған, бірақ сіз оны 2 күннің ішінде берген жоқсыз.
Сіз шағымды қайта бере аласыз. Өтінімде бұрын сұратылған ақпаратты бірден көрсетіңіз.
3. Сіз бірінші шағым бойынша шешіммен келіспегенсіз, бірақ оны 5 күннің ішінде қайта қарауға жіберген жоқсыз.
Тауар жеткізу кезінде жоғалған:
4. Тапсырыстың күйі «Курьерге берілді» деп өзгертілген жоқ.
5. Сіз шағымды тапсырыстың телнұсқасы бойынша бердіңіз, ал негізгісі Kaspi Жеткізуге берілген.
6. Тауар Kaspi.kz-тің қабылдау орнында тұр.
Егер оны алып кетпесеңіз, қабылдау орнына қайтарылғаннан кейін тапсырысты 30 күннен соң кәдеге жаратады.
7. Қабылдау-өткізу актісін берген жоқсыз.
8. Жоғалған тапсырыс - IMEI-кодсыз смартфон.
Тауар зақымданған:
9. Тауарды Kaspi.kz қабылдау орнына немесе қоймаңызға қайта жеткізген кезде пайда болған зақымданған жерінің суретін немесе бейнежазба дәлелдерін 24 сағаттың ішінде ұсынған жоқсыз.
10. Kaspi Жеткізуге берілетін тауарларды қаптау ережелері сақталмаған.
11. Витринадағы тауарды жібердіңіз.
12. Зақымданған жері Kaspi Жеткізуге берген кезде қабылдау орнында тіркелген.
13. Тауар температуралық режимнің бұзылуына байланысты бүлінген.
14. Қабылдау орнының қызметкері қайтару актісінде зақымданған жерін көрсетпеген. Сіз 24 сағат өтіп кеткен соң шағым бердіңіз.
15. Сіз шағымды тапсырыстың телнұсқасы бойынша қайта бердіңіз, ал негізгісі Kaspi Жеткізуге берілген.
16. Тауардың іші зақымданған, бірақ ол тасымалдауға байланысты емес.
17. Сіз сатып алушыдан қайтарар алдында алған тауардың зақымданған жерінің суретін немесе бейнежазба дәлелдерін ұсынған жоқсыз.
Жаңартылды 06.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Kaspi Жеткізу