• Бірнеше себебі болуы мүмкін:
     

    Сіз тапсырысты Kaspi.kz-тің қабылдау орнына уақытында өткізіп үлгермедіңіз

    Тауарларды Kaspi.kz-тің қабылдау орнына тапсырыс туралы ақпаратта көрсетілген күні өткізу керек. Өткізу кестесі қоймаңыздың баптауына байланысты. «Тапсырыс қабылданғаннан кейінгі жеткізу мерзімі» бөлімінде өзіңіз белгілеген уақытты тексеріңіз.

     

    Уақыты Өткізу кестесі
    12:00-ге дейін

    10:00–16:00

    12:00-ден кейін

    10:00–20:00

     

    Егер тауарды өткізіп үлгермесеңіз, оны келесі күні сол кесте бойынша әкеліңіз.

     

    Қабылдау пунктінде сатып алушылар қайтарған немесе бас тартқан тапсырыстарыңыз жатыр. Сізге тауарларды алып кету қажет

    Осыдан кейін бірден жаңа тапсырыстарды Kaspi Жеткізу арқылы осы қабылдау пунктіне тапсыра аласыз.
     

    Тапсырыс дұрыс қапталмаған 

    Талаптарды көру үшін тауардың санатын таңдаңыз: 

     


    Тауарды қаптау жөніндегі нұсқаулық
     

     

    Жаңа жүкқұжатты ескінің үстіне бекіттіңіз.

    Сіз алдыңғы жүкқұжатты алып тастауыңыз немесе тапсырысты қайта буып-түюіңіз қажет.

     

    Тапсырысыңыздың көлемі немесе салмағы осы қабылдау орны үшін рұқсат етілетіндерден үлкен
    Жұмыс кестесі, осы қабылдау орнында жөнелтуге болатын тапсырыстардың көлемі мен салмағы туралы толық ақпаратты білу үшін, ол белгіленген қызыл нүктені басыңыз.

     

    Қабылдау орындарына «Шиналар» санатындағы тауарларды көлемі мен салмағы бойынша шектеусіз беруге болады.

     


     

    Жаңартылды 22.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?