- Жаңартылды 22.08.2024
Ірі тауардың әр бөлігін бөлек орап, оған жүкқұжатты бекіту керек. Мысалы, кондиционер екі модульден тұрады және екі қорапта болады.
Қораптар санын Тапсырыс мәліметтерінде көрсетіңіз. Мұны жасчаудың екі тәсілі бар:
Заказы → Упаковка бөліміне өтіңіз. «Количество мест» жолында, жеткізуге қанша қорап беретініңізді жазып, «Я упаковал, распечатать накладные» деп басыңыз.
Заказы → Kaspi Доставка → Упаковка бөліміне өтіп, «Количество мест» жолын толтырыңыз.
Егер тапсырыста бірнеше тауар болса, қораптың жалпы санын санау үшін іріктеу парағын пайдаланыңыз.
Оны басып шығарыңыз да, толтырыңыз, содан кейін ақпаратты сатушының кабинетіне жіберіңіз. Әрі қарай «Я упаковал, распечатать накладные» деп басыңыз.
Тапсырысыңыз бойынша сіз қанша орын көрсетсеңіз, сонша жүкқұжат жасақталады.
Олардың саны тапсырыстағы бөліктердің санына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Қажет болған кезде сіз жүкқұжатты редакциялай аласыз. Ол үшін тапсырыс парақшасында «Өзгерту» деп басыңыз.
Назар аударыңыз: егер сіз бір қорапты көрсетіп, Kaspi Жеткізуге екі қорап берсеңіз, екіншісін қабылдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда жүкқұжатты редакциялауыңыз керек болады.Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?