Тауарларды алдын ала қаптаңыз. Мұны жасау тәсілі санатқа байланысты. Талаптарды көру үшін қажетті санатты таңдаңыз:
Тауарды қаптау жөніндегі нұсқаулық
Қаптау процесін (күні мен уақытын көрсетіп) бейне материалға тіркеңіз. Егер сатып алушының тапсырыс бойынша сұрақтары немесе наразылықтары туындаса, өз тарапыңыздан міндеттемелердің орындалғанын растай аласыз.
Жүкқұжатты басып шығарып, әрбір тапсырысқа бекітіңіз. Бұл үшін Kaspi.kz-тегі Магазин сатушысының кабинетінде Тапсырыстар → Қаптама бөліміне өтіп, керегін таңдаңыз және «Жүкқұжатты жасау» батырмасын басыңыз. Содан кейін тапсырыста қораптар немесе пакеттер санын көрсетіп, оны растаңыз. Қажет болса, жүкқұжатты редакциялай аласыз. Бұл үшін тапсырыс бетінде «Өзгерту» деп басыңыз.
Жүкқұжатты PDF пішімінде жүктеп, смартфоныңызға орнатылған кез келген бағдарламаның көмегімен жіберуге, содан соң кез келген құжат сияқты басып шығаруға болады.
Курьер барлық тауарды тексеріп, QR-кодты терминалда көрсетеді. Қабылдау-өткізу актісін алу үшін оны смартфонның камерасымен сканерлеңіз. Осыдан кейін тапсырыстарыңыз Kaspi Жеткізуге беріледі.
Сатып алушы тауарды алған кезде сатушының кабинетіндегі тапсырыс күйі «Берілген» деп өзгереді. Мұны Kaspi Pay мобильді қосымшасында тексеруге болады: Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстар → Архив.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay қосымшасы біртіндеп жаңартылады.
Жаңартылды 09.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Kaspi Жеткізу