• Иә. Kaspi Жеткізуге мынадай жағдайларда шағым бере аласыз:

     

    • тауар тасымалдау кезінде бүлінген;
    • клиент жеткізудің жоспарлы күнінен кейін 7 күннен соң тапсырысты алған жоқ;
    • сатып алушыдан қайтарылатын тапсырыстың күйі сатушының кабинетінде 7 күн ішінде өзгермесе;
    • қайтару кезінде тапсырыстың ішіндегісі жүкқұжатқа сәйкес келмейтінін анықтадыңыз.

     

    Шағым беруге болатын мерзім жеткізу түріне байланысты:

     

    қала бойынша — 10 күнтізбелік күн;

    Қазақстан бойынша — 45 күнтізбелік күн.

     

    Осы уақыт ішінде курьерлік қызмет шағымды тексеру үшін қажетті материалдарды сақтайды.

     

    Мерзім сіз немесе клиент бүлінген тауарды алған күннен бастап есептеледі. Егер тапсырыс жоғалса, есептеу сатып алушыға жеткізудің немесе Kaspi.kz-тің қабылдау орнына қайтарудың жоспарлы күнінен басталады.


    Оң шешім қабылданған жағдайда, ақша Kaspi Pay шотына түседі. Сізге мобильді қосымшаға бұл туралы Push-хабарлама келеді.
     

    Шағым беру үшін үлгіні толтырыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Жаңартылды 04.09.2025

    Қолданушылардың 83% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?