• Kaspi Postomat — Kaspi.kz-тегі Магазиннің клиенттеріне тауарларды беруге арналған қарапайым әрі ыңғайлы құрылғы. Оның тауарларды сақтауға арналған әртүрлі көлемдегі ұяшықтары, сондай-ақ авторизациядан өтуге арналған QR-коды бар сенсорлық экраны бар.
     

    Тапсырысты ресімдеген кезде клиент ең жақын Kaspi Postomat-ты таңдай алады, содан кейін сатып алған затын ыңғайлы уақытта кезексіз өзі алып кете алады немесе ол үшін  алушыны тағайындай алады.
     

    Курьер Kaspi Postomat-тың ұяшығына орналастыру үшін Сізге тауарды орап, Kaspi.kz-тің қабылдау орнына тапсыру керек.
     

    Клиентке Kaspi.kz мобильді қосымшасына өтіп, құрылғының экранындағы QR-кодты сканерлеу керек.
     

    Kaspi Postomat-тағы тапсырыстарыңыз сенімді қорғалған. Барлық құрылғыға тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі, ал әр ұяшық бірегей электрондық құлыппен жабдықталған.
     

    Kaspi Postomat Kaspi.kz-тің бөлімшелерінде, үйдің жанындағы дүкендерде, сауда орталықтарында, автожанармай құю станцияларында және Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы бизнес орталықтарында орнатылған.

     

    Жаңартылды 17.07.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?