Сіз шағым бере аласыз. Шағым беру мерзімі жеткізудің түріне байланысты:
- қала бойынша — күнтізбелік 10 күн;
- Қазақстан бойынша — күнтізбелік 45 күн.
Осы уақыт ішінде курьерлік қызмет шағымды тексеру үшін қажетті материалдарды сақтайды. Мерзім сіз немесе клиент зақымданған тауарды алған күннен бастап есептеледі.
Егер қайтару актісінде тауардың зақымданғаны туралы белгі болмаса, шағымды 24 сағаттың ішінде беру керек. Сіз анықтаған зақымданған жердің суретін немесе бейнежазба дәлелдерін ұсыныңыз, күні мен уақытын көрсетіңіз.
Оң шешім қабылданған жағдайда, ақша Kaspi Pay шотына түседі. Сізге мобильді қосымшада бұл туралы Push-хабарлама келеді.
Өтем ақы мөл-шері
Тауардың зақымдану дәрежесі
10%
тауарлық түрі сақталған, бірақ фирмалық қаптамасы зақымдалған немесе жоқ 30%
артқы немесе бүйір бөліктері зақымданған, бірақ тауарлық түрі сақталған
жиынтықтаушы бөлшектері жоғалған
100%
алдыңғы бөлігі зақымданған және корпусы деформацияланған, тауарлық түрі жойылған
тауардың негізгі элементтері жоқ
100% мөлшеріндегі өтемақы кезінде тауарды Kaspi Pay шотына ақша түскеннен кейін бір ай бойы сақтау керек. Бұл оны курьерлік қызметке беру үшін қажет. Оның өкілдері сізге өздері хабарласады. Егер сіз оны жасамасаңыз, Kaspi.kz-тегі Магазин өтемақыны қайтарып алуы мүмкін.
Шағым беру үшін үлгіні толтырыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Жаңартылды 25.11.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Kaspi Жеткізу