• Тауарларды Kaspi.kz қабылдау орнына тапсырыс туралы ақпаратта көрсетілген күні жеткізуіңіз керек. Тапсырыстарды тапсыру кестесі қойманың баптауларына байланысты. «Тапсырыс берілген күні жеткіземін, егер тапсырыс ... дейін ресімделсе» бөлімінде көрсеткен уақытыңызды тексеріңіз.

     

    Уақыты Өткізу кестесі
    12:00-ге дейін

    10:00–16:00

    12:00-ден кейін

    10:00–20:00

     

    Бұл баптауды екі тәсілмен өзгертуге болады.

     

     
    Kaspi Pay қосымшасында

    Kaspi.kz-тегі Магазин → Баптау бөліміне өтіңіз.Егер үштен көп қоймаңыз болса, «Барлық қоймалар» деп басып, өзгеріс енгізгіңіз келетін қойманы таңдаңыз.

     

    «Қала ішінде жеткізу» бөлімінде:

    • тауарларды Kaspi.kz қабылдау орнына тапсыратын күндерді көрсетіңіз;
    • «Тапсырыс берілген күні жеткіземін, егер тапсырыс ... дейін ресімделсе» бөлімінде сатып алушы тауарға тапсырыс берудің соңғы уақытын белгілеңіз.

     

     
    Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасында

    Басқа → Баптау → Kaspi Жеткізу бөліміне өтіп, тапсырыстарды тапсыру кестесін өзгерткіңіз келетін қаланың жанындағы ✏️ белгісін басыңыз.

     

    Содан кейін Kaspi Жеткізудібаптаңыз:

     

    • тапсырыстарды Kaspi.kz қабылдау орнына тапсыратын күндерді көрсетіңіз;
    • «Тапсырыс берілген күні жеткіземін, егер тапсырыс ... дейін рәсімделсе» бөлімінде уақытты таңдаңыз;
    • «Сақтау» деп басыңыз.

     

    Өзгерістер бір сағат ішінде күшіне енеді.

     

    Назар аударыңыз: сатып алушылар қайтарған немесе бас тартқан тапсырыстарды Kaspi.kz қабылдау орнынан алып кетуіңіз керек. Осыдан кейін ғана сол қабылдау орны арқылы тауарларды Kaspi Жеткізуге тапсыра аласыз.

    Жаңартылды 24.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?